20/06/25

Елена Рыбакинаға жаңа қауіп төнді

Лондондағы (Ұлыбритания) турнирдің финалына шыққан америкалық теннисші Аманда Анисимова қазақстандық Елена Рыбакина үшін жаңа басты бәсекелеске айналуы мүмкін. Бұл туралы Sport-24.kz хабарлайды.

Турнир басталар алдында WTA рейтингінде Рыбакина 11-орында тұрған болатын, ал Анисимова 15-сатыда еді. Қазір америкалық спортшы финалға жолдама алып, 13-орынға көтерілді. Егер ол шешуші матчта жеңіске жетсе, 12-орынға көтеріледі. Дегенмен, Еленаны қуып жете алмайды: қазақстандық теннисшінің еншісінде 3466 ұпай болса, Анисимованың жеңісінен кейінгі ұпай саны 3277 болады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Лондонда өткен турнирдің ширек финалында сенсациялық түрде 86-орындағы 37 жастағы неміс Татьяна Марияға жол беріп, жарыстан шығып қалды.