«Барселонаның» 17 жастағы жұлдызы Ламин Ямаль Испания чемпионаты бойынша атақ саны жағынан Криштиану Роналдуға тең келді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Ямаль мен Роналдудың еншісінде енді екі чемпиондықтан бар: португалдық шабуылшы Ла Лигада 2011/12 және 2016/17 маусымдарында топ жарса, Ямаль бұл жетістікке 2022/23 және 2024/25 маусымдарында қол жеткізді. Айта кетерлігі, Криштиану Испанияда 9 маусым ойнаған, ал Ламин үшін бұл – Ла Лигадағы небәрі екінші толық маусым.
Еске салайық, «Барселона» клубы өз тарихында 28-ші рет Испания чемпионы атанды. Дегенмен, бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы әлі де – 36 рет жеңіске жеткен мадридтік «Реал».