21/06/25

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады

Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар сенімді бастама жасады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшымыз алғашқы айналымда Молдова елінің өкілі Петру Пеливанмен белдесті. Кездесудің соңына қарай Абылайхан шебер әдіс жасап, жеңісті жұлып әкетті.

Келесі, 1/16 финал кезеңінде оның қарсыласы — бразилиялық Габриэль Фалькао.

Айта кетейік, осы күні татамиге шыққан тағы бір қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Қуюлова (63 кг дейін) алғашқы белдесуінде словениялық Кая Кажзерге есе жіберіп, жарысты ерте аяқтаған болатын.