Белгілі қазақстандық боксшы, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Жекпе-жек 27 шілде күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін бокс кеші аясында ұйымдастырылады. Қарсыласы – Филиппин елінің өкілі Кристиан Легане (6 жеңіс, 1 жеңіліс, 3 тең, 4 нокаут).
Айта кетейік, осы кеште өзбекстандық қос Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов та рингке шығады. Оның қарсыласы – тағы бір филиппиндік боксшы Ричард Ласпона.
Сәкен Бибосынов – 2021 жылғы әлем чемпионы (Белград), 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ, Азия чемпионаттарында «қола» (2021) және «күміс» (2022) медальдарын жеңіп алған.
Кәсіпқой мансабын бастағалы отырған Сәкеннің бұл жекпе-жегі – жанкүйерлер үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр.