20/06/25

Дастан Сатпаев Орталық Азияның ең қымбат ойыншысы атанды

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаев Орталық Азия чемпионаттарындағы ең қымбат футболшы атанды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

16 жастағы ойыншының нарықтағы құны 1,3 миллион еуроға дейін өсіп, Өзбекстанның «Насаф» клубында өнер көрсететін Акмал Мозговой мен Абдувохид Нематовты басып озды. Аталған өзбекстандық футболшылардың әрқайсысы 1,5 миллион еуроға бағаланып келген болатын.

Сондай-ақ, «Тоболдың» вингері Ислам Чесноков та өз бағасын 100 мың еуроға арттырды. Алайда Transfermarkt әзірге оған 1 миллион еуро баға берген жоқ.

Айта кетейік, Беларусь құрамасының ойыншысы, «ЦСКА София» қақпашысы Лапоуховпен қатар, белорусиялық Громыко да 1,2 миллион еуроға бағаланып отыр. Екеуі де Беларусь құрамасындағы ең қымбат футболшылар санатында.