21/05/25

Илия Топурия Шавкат Рахмоновтың салмағына өтуге дайын екенін мәлімдеді

UFC-дің бұрынғы жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия алдағы уақытта Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмаққа өтуге қарсы емес екенін айтты, деп жазады Sport-24.kz.

«Неге болмасқа? Егер маған ондай мүмкіндік берілсе және жекпе-жек қызықты болса, мен дайынмын», — деді Топурия баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 29 маусымда UFC 317 турнирінде Илия Топурия мен Чарльз Оливейра жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық белбеу үшін кездеседі. Бұл белбеу Ислам Махачевтің жартылай орта салмақтағы Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек үшін босатқан титулы.

Айта кетейік, дәл осы салмақта Қазақстан атынан Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді. Ол — дивизиондағы рейтингтің үшінші нөмірі.