UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ибицаның танымал түнгі клубында жанжалға себепкер болды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Британдық The Sun басылымы жариялаған видеода, Макгрегор Pacha түнгі клубында тұрған сәтінде, сахна жиегінде тұрған ер адамға соққы жасағаны анық көрінеді.
Кадрларда Конор алдымен қарсы тұрған адамға қысқа сол жақтан соққы жасап, артынша күштірек, акценттелген екінші соққысымен оны құлатқаны бейнеленген.
Оқиға кезінде Макгрегор өз адамдарының қоршауында тұрған, ал оқиғаны көрген клуб қонақтары абыржыған күйде бақылаған. Жапа шеккен адам клубтан шығарылып, ал ирландиялық спортшы кешті әрі қарай жалғастырған.