Қазақстан құрамасының дзюдошысы Нұрлыхан Шархан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport-24.kz.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы алғашқы айналымда Түрікменстан өкілі Баймурат Маджидовты айқын басымдықпен жеңді.
Келесі кезеңде ол Бразилиялық Леонардо Гонсалвеспен кездеседі.