14/07/25

Александр Бублик ATP рейтингінде үш сатыға төмен түсті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында жеңіліс тапқаны үшін ATP рейтингінде үш орынға төмендеп, 34-орынға тұрақтады, деп жазады Sport-24.kz.

Бұл нәтижеге байланысты ол 90 рейтингтік ұпайынан айырылып, қазіргі таңда 1585 ұпаймен есепте тұр.

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық спортшы Александр Шевченко да үш саты төмендеп, 101-орынға жайғасты. Оның еншісінде 610 ұпай қалды.

Аталған өзгерістер ATP рейтингінің Уимблдон турнирінен кейінгі жаңартылған нұсқасында тіркелген.