14/07/25

Криштиану Роналду жаңа маусымда барлық матчқа қатыспайды – себебі анықталды

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 2024/25 маусымында Сауд Арабияның «Аль-Наср» клубының барлық ойынына қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport-24.kz. Бұл шешім оның болашақ бапкері Жорже Жезушпен бірлесіп қабылданған.

Lance басылымының хабарлауынша, Фалах әл-Қахтани есімді жергілікті журналист Роналду мен Жезуш арасындағы жеке кездесуде футболшы өзінің жас ерекшелігі мен физикалық мүмкіндіктерін ескеріп, маңызды емес матчтарға қатыспайтынын мәлімдеген.

Өткен маусымда да Роналду бірнеше ойынды шаршауына байланысты өткізіп жіберген. Осыған байланысты жаңа маусымда ол ойындардың шамамен төрттен бірінде алаңға шықпауы мүмкін.

Бұл шешім Роналдудың ірі жарыстарда – соның ішінде Әлем чемпионаты мен негізгі турнирлерде – барынша дайын әрі тың болуын қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Айта кетсек, бұған дейін Криштианудың «Аль-Наср» клубымен жасасқан келісімі мен жалақысы жайлы толық ақпарат тараған еді.