Америкалық Worldinsport порталы UFC-де өнер көрсететін қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (19-0) чемпиондық белбеу үшін күресуге мүмкіндігі жоғары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
— «Кейбір спортшылар титулға жақындау үшін жылдар жұмсайды, бірақ Рахмонов бұл жолдан өте тез өтті. Жартылай орта салмақтағы рейтингте үшінші орында тұрған «Номад» 19 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетті, оның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтады. Оның ішінде Стивен Томпсон, Джефф Нил және Нил Магни секілді мықтыларды сабмишенмен жеңген», — деп жазады басылым.
Еске салсақ, Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде Белал Мухаммадпен чемпиондық белбеу үшін айқасуы керек болған, бірақ чемпионның жарақатына байланысты бұл жекпе-жек өтпей қалды. Оның орнына Рахмонов бұрынғы командасы Иэн Мачадо Гэрримен кездесіп, карьерасында алғаш рет толық үш раунд өткізіп, бірауыз шешіммен жеңіске жетті.
— «Шурчиде дүниеге келген файтер Делла Маддалена – Махачев жекпе-жегінің жеңімпазынан кейінгі негізгі үміткер болуы мүмкін. Бірақ ол тек титул ғана емес, өзінің әсерлі рекордын да бәске тігетінін түсінуі тиіс», — делінген мақалада.
Қазіргі таңда Шавкат жарақатынан кейінгі оңалудан өтіп жатыр. Оның бапкері берген мәліметке сәйкес, спортшы күзде октагонға оралады.