21/06/25

Жәнібек Әлімханұлы «абсолют» атағы үшін жекпе-жектерін жариялады

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бірден екі салмақ дәрежесінде «абсолют» чемпион атануға бағытталған жоспарын жария етті, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Mo Boxing No Problem дерегінше, «Қазақ стилі» үшін мінсіз сценарий келесідей:

• Жазда, 2025 жылы — Жәнібек WBC белбеуінің иесі, доминикандық Карлос Адамеспен жұдырықтасып, орта салмақтағы титулдарды біріктіруді көздейді;

• Күзде немесе қыста, 2025 жылы — WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен кездесіп, қалған белбеуді иеленгісі келеді;

• 2026 жылдың мамырында — екінші орта салмақта барлық негізгі титулдардың иесі, мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен «абсолют» атағы үшін үлкен айқас өткізуді жоспарлап отыр.

Жәнібек бұл жоспармен өзінің Х (бұрынғы Twitter) парақшасында бөлісіп, ресми түрде растады.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгемен кездесуде 5-раундта нокаутпен жеңіске жетті.