20/06/25

Илья Топурия – бірінші үш салмақта UFC чемпионы атануы мүмкін

UFC-дің бұрынғы чемпионы әрі танымал сарапшы Майкл Биспинг грузин-испандық жекпе-жек шебері Илья Топурияның UFC тарихындағы алғашқы үш салмақ дәрежесінде чемпион атануға толық мүмкіндігі бар екенін айтты, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Биспинг бұл пікірін өзінің YouTube арнасындағы подкастында білдірді:

«Илья Топурия UFC тарихындағы алғашқы үш салмақтағы әлем чемпионы бола алады. Бұл — өте батыл, тіпті ессіз мақсат. Бірақ бұл мүмкін. Қалай жүзеге асыруға болады? Мысалы, егер Топурия Чарльз Оливейраны жеңсе — бұл шындыққа айналуы мүмкін. Илья өте есеппен жұдырықтасады, ал Оливейра керісінше — тәуекелге жиі барады. Бұл оның әлсіз тұсы болуы мүмкін», — дейді сарапшы.

Биспингтің болжамы бойынша, Топурия жеңіл салмақта (70 кг) чемпион атанса, келесі қадам ретінде Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығып, жартылай орта салмаққа (77 кг) көтерілуі мүмкін:

«Егер Ислам Джека Дэлла Маддаленаны жеңсе, онда Топурия–Махачев жекпе-жегі сөзсіз болады. Бұл — жанкүйерлер күткен айқас. Илья бұл кездесуді қалайды, ал егер Ислам одан қашқақтаса, бұл тек уақытша. Егер ол 77 келіде чемпион болса, Топурия да сол салмаққа көтерілуі мүмкін».

Қазіргі таңда Топурия UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы (66 кг) чемпионы, бірақ ол енді жеңіл салмаққа өтіп, жаңа белестерді бағындыруды мақсат етіп отыр. UFC ұйымының қолдауы мен өзінің сенімді қадамдарының арқасында Топурияның «тройной корона» жоспары — енді жай қиял емес, нақты мақсатқа айналып келеді.