UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы және мадридтік «Реалдың» жанкүйері Хабиб Нурмагомедов хорват футболшысы Лука Модричтің клубтан кететіні туралы жаңалыққа өз реакциясын білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Ресейлік спортшы әлеуметтік желіде «Реал» клубының Модричке арнаған қоштасу жазбасын «Рақмет, Лука» деген сөздермен бөлісіп, үш қол соғу смайлигін қосқан.
Айта кетейік, Лука Модрич маусым соңында «Реалдан» кететінін мәлімдеді. Ол мадридтік ұжым сапында 2012 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде 590 матчқа қатысып, 43 гол соғып, 95 нәтижелі пас берген.
Модрич «Реалмен» бірге:
• 6 мәрте Чемпиондар лигасын,
• 4 рет Ла Лиганы,
• 2 рет Испания кубогын,
• 5 рет Суперкубокты жеңіп алды.
Бұл қоштасу «Реал» тарихындағы бір дәуірдің аяқталғанын білдіреді.