Шри-Ланкада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның қыздар бокс құрамасы тарихта алғаш рет барлық салмақта чемпион атанды!
Біздің бұрымдылар әр салмақ дәрежесінде финалға өтіп қана қоймай, барлығы алтын медаль иеленді:
• 48 кг – Айым Танкибаева
• 50 кг – Сила Биболсынқызы
• 52 кг – Рахмина Абдумежитова
• 54 кг – Жанель Имантаева
• 57 кг – Ақнұр Тұрсынғали
• 60 кг – Толғанай Қасымхан
• 63 кг – Алина Құдайгенова
• 66 кг – Ақбота Есімбекова
• 70 кг – Мария Сидоренко
• 75 кг – Зарина Толыбай
• 81 кг – Құралай Егінбайқызы
• 81+ кг – Сабина Жақсылық
Бұл – Қазақстан әйелдер боксы тарихындағы ерекше жетістік. Жастарымызды тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Жарайсыңдар, қыздар!