21/06/25

Қазақстандық бокс шеберлері Бангкок турниріндегі алғашқы қарсыластарын білді

2025 жылдың 24 мамырында Таиланд астанасы Бангкокта Thailand Open-2025 халықаралық бокс турнирі басталады. Осыған орай бүгін турнир алдындағы ресми жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport-24.kz. Жеребе нәтижесінде қазақстандық боксшылар алғашқы айналымдағы қарсыластарымен танысты.

Қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары:

• 50 кг, 1/8 финал – Нұрзат Оңғаров vs Хайкал Мұхаммад (Малайзия)

• 55 кг, 1/8 финал – Нұрсұлтан Алтынбек vs Шин Джаеонг (Оңтүстік Корея)

• 60 кг, 1/8 финал – Оразбек Асылқұлов vs Мирзохид Имамназаров (Қырғызстан)

• 65 кг, 1/8 финал – Дулат Бекбауов vs Алкасбех Обада (Иордания)

• 70 кг, 1/8 финал – Төрехан Сабырхан vs Ким Джунсу (Оңтүстік Корея)

• 75 кг, 1/8 финал – Тимур Нұрсеитов vs Тан Велко (Сингапур)

• 80 кг, 1/4 финал – Диас Молжігітов vs Мускита Робберд (Сингапур)

• 85 кг, 1/4 финал – Бекзат Таңатар vs Джугну (Индонезия)

• 90 кг, 1/4 финал – Данияр Рахимбердиев vs Евгений Павловский (Украина)

• +90 кг, 1/4 финал – Даниял Сапарбай vs Гил Аншул (Үндістан)

Айта кетейік, Thailand Open – Азия аймағындағы беделді жарыстардың бірі саналады. Қазақстандық боксшылар бұл додада әрдайым жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.