39 жастағы хорват жартылай қорғаушысы Лука Модрич мадридтік «Реалдан» кеткеннен кейін карьерасын қай клубта жалғастыратыны белгілі бола бастады, деп жазады Sport-24.kz.
Мәліметке сүйенсек, Модрич Мадридтен кеткісі келмейді, сондықтан ол үшін күтпеген мүмкіндік пайда болды — ол «Хетафе» клубының ойыншысы атануы мүмкін. Клубтың жаңа бас бапкері ретінде «Реалдың» аңызы Рауль Гонсалестің тағайындалуы күтіліп отыр. Ол бұған дейін «Реал Мадрид Кастильяны» жаттықтырған. Егер бұл жоспар жүзеге асса, Лука бұрынғы командаласымен бірге жұмыс істеуі мүмкін.
Сонымен қатар, Модричке тағы екі мадридтік клуб – «Райо Вальекано» мен «Леганес» тарапынан да қызығушылық бар. Алайда, «Леганес» қазір екінші лигада қалып қою қаупінде тұрғандықтан, бұл нұсқа аса тартымды емес.
Айта кетейік, бүгінгі маусымда Модрич «Реал» сапында 55 матч өткізіп, 4 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.