20/06/25

Двалишвили реваншқа екі апта қалғанда жарақат алды

UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Мераб Двалишвили Шон О’Мэллиге қарсы өтетін реванш алдындағы дайындықтың соңғы кезеңінде аяқ бармағын жарақаттап алды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Дегенмен, грузиялық файтер бұл жарақаттың алдағы жекпе-жекке кедергі болмайтынын атап өтті:

«Ештеңе етпейді, қажет болса – оны кесіп тастаймын», – деп қалжыңдады Двалишвили өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеода.

Еске салайық, Двалишвили мен О’Мэлли арасындағы екінші кездесу 7 маусымда АҚШ-тың Ньюарк қаласында өтетін UFC 316 турнирінде өтеді. Бұған дейін олар 2024 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек өткізіп, онда Двалишвили төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын.