21/06/25

Елена Рыбакина 2025 жылғы алғашқы титулын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Финалда Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен (19-орын) кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:1, 6:7, 6:1 есебімен басым түсті.

Бұл жеңіс — Еленаның биылғы маусымдағы алғашқы титулы. Бұған дейін ол Абу-Даби мен Дубайдағы турнирлердің жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Рыбакина бұл турнирден:

• 142 610 еуро жүлде ақысын

• 500 рейтингілік ұпай иеленді.

Келесі жарысы — “Ролан Гаррос”. Бірінші айналымда Рыбакина аргентиналық Хулия Риерамен (WTA №204) кездеседі.