Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов соңғы уақытта ешбір спортшының мансабын аяқтауға немесе кәсіпқой боксқа ауысуға ниет білдірмегенін айтты.
— Ұлттық құрама сапындағы спортшылардың ешқайсысы мансабын аяқтауға немесе кәсіпқой боксқа ауысуға ниет білдірген жоқ, — деді бапкер.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымы өткізетін Әлем кубогының екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Бұл кезең 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада өтеді. Финалдық кезең 15–22 қараша күндері Үндістанда өтеді. Сонымен қатар, 2025 жылы әлем чемпионатын World Boxing ұйымдастырады. Аталған дүбірлі дода 4–14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтпек.