21/06/25

Месси Роналдиньоны басып озды, Роналдудан ұзап кетті

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси кезекті тарихи жетістікке жетті. Ол MLS чемпионаты аясында «Филадельфия Юнион» командасына қарсы өткен ойында (3:3) айып добынан гол соғып, өзінің мансабындағы 67-ші голын осындай тәсілмен тіркеді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Бұл көрсеткіш бойынша аргентиналық шабуылшы аты аңызға айналған бразилиялық Роналдиньоны (66 гол) басып озды. Сонымен қатар, ол 64 айып добын соққан Криштиану Роналдудан да алға шығып отыр.

Қазіргі таңда Месси тарихтағы ең көп айып добын соққан футболшылар тізімінде үшінші орынға жайғасты. Оның алдында тек Пеле (70 гол) мен Жуниньо Пернамбукано (77 гол) бар.

Бұл гол Мессидің 2025 жылғы маусымдағы 11-ші голы болды. Ол КОНКАКАФ чемпиондар кубогында 5, ал MLS матчтарында 6 гол соқты. Сонымен қатар, Мессидің еншісінде 3 нәтижелі пас бар.