21/06/25

«Бізде өз жоспармыз бар»: Қазақстан құрамасы World Boxing турнирінен неге бас тартты

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Польшада өткен World Boxing ұйымының жарысына неге қатыспағандарын түсіндіріп берді.

— Бұл турнир біздің бастапқы жоспарымызда болған жоқ. Ол — Кубоктың ресми кезеңі емес, жай ғана жарыс. Кубоктың бірінші кезеңі Бразилияда өтті, екінші кезеңі бізде өтеді, ал үшіншісі Үндістанда болады. Польшадағы жарыс кезінде бізде жалпы физикалық дайындықтың (ЖФД) бірінші кезеңі жоспарланған болатын. Ал 26 мамырдан бастап дайындықтың екінші кезеңі басталады. Яғни, біз өз жоспарымызбен жүріп келеміз, — деді Сәтжанов.

Айта кетейік, жарыс басталардан бірнеше күн бұрын ғана World Boxing ұйымы Феликс Штамм турниріне Кубок мәртебесін берген. Алайда турнирге қатысқан боксшыларға рейтингтік ұпай берілмейді. Сондықтан Қазақстан боксшылары үшін бұл жарысқа қатыспау — ешқандай шығынсыз шешім болды.