21/06/25

Қазақстандық боксшылар Thailand Open турнирінде үш жекпе-жектің екеуінде жеңілді

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық бокс турнирінде ерлер мен әйелдер құрамасының спортшылары қатысуда, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Күндізгі сессияда қазақстандық үш боксшы ширек финалда рингке шықты. Өкінішке қарай, соның екеуі жеңіліс тапты.

Қазақстан боксшыларының күндізгі сессиядағы нәтижелері:

Ерлер:

– 60 кг: Оразбек Асылқұлов — Тханпхансакон Каласира (Таиланд) — жеңіс Каласирада, төрешілер шешімімен (бөлінген);

– 90 кг: Данияр Рахимбердиев — Евгений Павловский (Украина) — жеңіс Рахимбердиевте, төрешілердің бірауыздан шешімімен.

Әйелдер:

– 65 кг: Назерке Серік — Таная Сомнуек (Таиланд) — жеңіс Сомнуекте, төрешілердің бірауыздан шешімімен.

Кешкі сессия Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады. Оған Қазақстаннан тағы үш спортшы қатысады.

Thailand Open-2025 турнирі 24 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады.