Каталониялық «Барселонаның» 17 жастағы вингері Ламин Ямаль Испания чемпионатында 21-ғасырдағы жас ойыншылар арасындағы жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Статистикалық портал мәліметінше, XXI ғасырда 20 жасқа дейінгі ешбір футболшы бір маусымда Ла Лигада осынша көп нәтижелі пас берген емес.
2024/2025 маусымында Ямаль Ла Лиганың 35 матчына қатысып, 9 гол соғып, 15 ассист жасады. Ал барлық турнирлерді қоса есептегенде, жас шабуылшы 55 кездесуде алаңға шығып, 18 гол мен 25 нәтижелі паспен көзге түсті.
Бұл көрсеткіштер Ламин Ямальді қазіргі футболдың ең дарынды жас жұлдыздарының бірі ретінде көрсетеді.