Петерборлық «Зенит» клубына арналған «Кафешка» телеграм-арнасының авторы команда ойыншыларымен кездескеннен кейін әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліппен де тілдескен автор оның болашағына үлкен сенім білдірді:
«Клуб ойыншыларымен жеке сөйлескен соң айтарым мынау:
Нұрекең — бауырымыз. Болашақ капитан. Бұл твитті есте сақтаңыздар.
Мост — жарады. Бұл «Зениттің» нағыз көшбасшысы, пікірлерде не айтылса да.
Айтпақшы, Томаш Губочанға — шексіз респект.
Осындай адамдар сүйікті клубта жүргені қуантады. Демек, болашақта бәрі тек жақсарады», — деп жазды ол.
Жанкүйердің бұл пікірі Нұралы Әліптің тек алаңдағы ойынымен ғана емес, мінез-құлқы мен көшбасшылық қасиеттерімен де ерекшеленіп келе жатқанын көрсетеді.