21/06/25

«Мәжбүр болды»: Төрехан Сабырханның ауысуына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

Қазақстандық танымал боксшы Төрехан Сабырханның Түркістан облысы құрамасынан кетуінің себептері белгілі болды. Бұл туралы спорт журналисі Арай Есенбек өзінің YouTube-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Бір сұхбатында Төрехан Сабырхан Түркістан облысы құрамасынан кету себебін сыйақы мен қаржылай қолдаудың жеткіліксіздігімен түсіндірді. Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін облыс басшылығы тарапынан ешқандай қолдау болмағанын айтып, басқа өңірге ауысуға мәжбүр болғанын жеткізді, — деді Есенбек.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Төрехан Сабырхан — Қазақстан тарихындағы бокстан жасөспірімдер мен юниорлар арасында төрт дүркін Азия чемпионы атанған алғашқы спортшы — Түркістан облысы құрамасынан кетіп, Атырау құрамасына өткенін ресми түрде жариялаған еді.