2024/2025 маусымы аяқталғаннан кейін Криштиану Роналду үшін жағымсыз жаңалық белгілі болды, деп жазады Sport-24.kz. «Аль-Наср» шабуылшысы және Португалия құрамасының капитаны Сауд Арабиясы чемпионатының ең қымбат 10 ойыншысы қатарына енбей қалды.
Transfermarkt порталы жариялаған рейтингте тіпті бұрынғы «Зенит» ойыншысы, бразилиялық Малком жетінші орыннан көрінді. Оның трансферлік құны 22 миллион еуроға бағаланған.
Ал 40 жастағы Роналдудың қазіргі нарықтық құны — 12 миллион еуро. Маусым барысында ол барлық турнирде 41 ойын өткізіп, 35 гол соғып, 4 ассист жасағанына қарамастан, ешқандай трофей иелене алмады.
Айта кетейік, Роналду — футбол тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы болып қала береді.