21/06/25

Дастан Сатпаев өзбек ұлттық құрамасының бас бапкерін таңғалдырды

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың ойынына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Ойындарын толық көрмедім, бірақ шолу видеоларынан көп гол соғып жүргенін байқадым. Өте талантты ойыншы екені көрініп тұр, жасына қарамай, өте жақсы ойнайды. Жасы әлі жас болса да, алаңдағы көрегендігі, шешім қабылдауы өте жоғары деңгейде. Бұл оның дайын ойыншы екенін және әлі де дами алатынын көрсетеді. «Челси» клубының қызығушылық танытуы бекер емес. Оның болашағы бар. Әрі қарай барлығы оның өзіне және бапкерлерге байланысты, — деді ол «Футбол Жолы» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-Лигасының ағымдағы маусымында 16 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев 11 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.