20/06/25

Қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев «Алтын допқа» үміткер атанды

Алматылық «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев Қазақстан футболында жаңа белесті бағындырып, шетелдік БАҚ назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Нигерия-креоль тілінде (пиджин-инглиш) «Челси» клубының жаңалықтарын жариялайтын Chelsea in Pidgin атты аккаунт Қазақстан Премьер-Лигасының 11-турында «Ақтөбе» командасына қарсы ойында (2:1) Сатпаевтың жарқын ойынына тәнті болды.

Ойынның соңына таман, 87-минутта Сатпаев соққан әдемі гол «Қайратқа» маңызды жеңіс сыйлады. Chelsea in Pidgin парақшасы шабуылшыны «Алтын доптың» болашақ иегері деп атады:

— Бұл есімді ұмытпаңыздар — Дастан Сатпаев! Ол «Ақтөбеге» қарсы матчтың 87-минутында гол соғып, командасына күттірген жеңісті сыйлады. Болашақтағы «Алтын доп» иегері. Ол 2026 жылдың маусымында «Челсиге» қосылады, — деп жазды олар.