20/06/25

ҚБФ Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық белбеулері туралы мәлімдеме жасады

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов YouTube-тегі «Aqyrys Seitqazy» арнасына берген сұхбатында орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) жетістіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Жәнібек Әлімханұлына қараңыздаршы. Оның промоутері — Top Rank, әлемдегі ең үздік әрі ең мықты промоутерлердің бірі. Соның арқасында Жәнібек чемпион болып, мықты қарсыластармен жекпе-жек өткізіп жүр. Қазіргі таңда ол екі белбеудің иегері, — деді Ақшалов.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.