21/06/25

«Интер» бас бапкерінің тағдырын ЧЛ финалындағы сәтсіздік шешпейді — Маротта мәлімдеді

Миландық «Интер» клубының президенті Джузеппе Маротта Париждің ПСЖ командасынан Чемпиондар Лигасының финалында ойсырай ұтылғаннан кейін (0:5) бас бапкер Симоне Индзагидің тағдыры қалай болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Индзагидің тағдырына бұл сәтсіздік әсер ете ме? Жоқ. Мен айтқанмын — біз келесі аптада кездесеміз. Оның келісімшартында әлі бір жыл бар. Бүгінгі жеңіліс бәрін жоққа шығармайды. Біз бәрібір Симонемен кездесеміз, — деді Маротта Sky Sport-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Индзагиді Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубымен байланыстырып жатыр. Бұл келісім жақын арада аяқталуы мүмкін.