21/06/25

УЕФА Чемпиондар лигасы 2024/25 маусымының үздік ойыншысын атады

УЕФА Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымының үздік ойыншысын жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Бұл атаққа «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле лайық деп танылды.

— Дембеле сегіз гол соғып қана қоймай, «ПСЖ»-ның нағыз көшбасшысы болды. Финалда да бірнеше рет қарсыластарын қысымға алып, командасына ортаңғы алаңда басымдық берді. Ақылды қозғалысы мен артқа шегініп ойнауы қарсыластарын тығырыққа тіреді. Осылайша ол париждіктердің өз ойынын жүргізуіне мүмкіндік жасады, — деп түсіндірді УЕФА-ның техникалық бақылаушылары өз шешімін.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалында «ПСЖ» «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.