21/06/25

Таиландтағы турнирде медаль кестесінде қай ел көш бастады — Қазақстан ба, әлде Өзбекстан ба?

Бангкокта (Таиланд) өткен халықаралық бокстан Thailand Open-2025 турнирінің финалдары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Қазақстан құрамасы бұл турнирде бес алтын медаль иеленді: Төрехан Сабырхан (70 кг), Диас Молжігітов (80 кг), Виктория Графеева (60 кг), Наталья Богданова (70 кг) және Елдана Талипова (80+ кг) жеңімпаз атанды.

Өзбекстан құрамасы да бес алтын медальмен тең нәтиже көрсетті: Шодиержон Меликузиев (50 кг), Фарёзбек Дусматов (55 кг), Нусратбек Тохиров (85 кг), Фарзона Фазилова (48 кг) және Азиза Зокирова (75 кг).

Үшінші орынға Таиланд (3 алтын), Қытай (3 алтын), сондай-ақ Үндістан (2), Иордания (1) және Украина (1) орналасқан.

Алайда, жалпы медальдық есепте Өзбекстан үш күміс медаль иеленіп, көш бастады. Қазақстан құрамасының еншісінде күміс медаль біреуге кем. Осылайша, медаль кестесінде Өзбекстан басым түсті.