21/06/25

Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы командалық есебі белгілі болды

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста барлығы 6 медаль жеңіп алды.

— Екі алтынды Нора Джеруто (3000 метр кедергілер және 5000 метр) жеңіп алды.

— Дейзи Джепкемей 10000 метр қашықтықта жеңімпаз атанды.

— Елизавета Матвеева биіктікке секіруде күміс жүлде иеленді.

— Ясмина Токсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медальға ие болды.

— Дейзи Джепкемей 3000 метр кедергілерде тағы бір қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орынға жайғасты. Бұл нәтиже Катар құрамасымен бірдей көрсеткіш болды.

Ал жарыс көшін Қытай бастап тұр — 19 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль. Екінші орынға Үндістан (8 алтын, 10 күміс, 6 қола), үшінші орынға Жапония (5 алтын, 11 күміс, 12 қола) тұрақтады.