Sport-24.kz хабарлағандай, мадридтік «Реалдың» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо өткен маусымда Карло Анчелотти кезінде жиі сынға ұшыраған команданың қорғанысы мен шабуылы арасындағы тепе-теңдік мәселесін шешуге ниетті.
Marca басылымының мәліметінше, Хаби Алонсо Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор сияқты шабуылшылардан қорғанысқа да толық қатысуды талап етеді. Ол шабуылдаушылар тек алға ұмтылумен шектелмей, допсыз ойында да белсенділік танытуы тиіс деп есептейді. Испан маманы «мықты қорғаныс — тек қорғаушылардың ғана емес, бүкіл команданың ортақ еңбегі» деген ұстанымда.
Айта кетейік, Хаби Алонсо бұған дейін Германияның «Байер» клубын табысты басқарған болатын.