Криштиану Роналдуның «Аль-Наср» клубымен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымында аяқталады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Бұған дейін тараптар келісімшартты ұзарту туралы келісімге келгені және ресми түрде жариялайтыны жөнінде ақпарат тараған болатын. Алайда инсайдер Николо Скира мәлімдегендей, Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа әлі қол қойған жоқ.
Португалиялық шабуылшыға бірқатар жаңа ұсыныстар келіп түскен көрінеді. Оған «Аль-Хиляль», «Видад», «Палмейрас» және «Спортинг» клубтары қызығушылық танытып отыр. Осы себепті Роналду «Аль-Насрмен» келісімшартты ұзартуды кейінге қалдырып отыр.