Халықаралық дзюдо федерациясы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовтің спорттық мансабын аяқтау туралы ойын бөліскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
— 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жол алу мен үшін оңай болған жоқ. Азия чемпионатында жеңіліп қалғаннан кейін олимпиадаға жолдама алу қиынға соқты. Олимпиадаға үш ай қалғанда спорттық мансабымды аяқтауға бел будым. Азия чемпионатынан кейін ата-анама хабарласып, спорттық мансабымды аяқтаймын деп айттым. Әкем: «Олимпиадаға аз уақыт қалды. Қайтадан талпынып көр. Кейін тырыспағаныңа өкінесің», — деді. Ал анам: «Бәрін түсініп тұрмын. Саған ауыр, бірақ менің жүрегімде бір үлкен қуаныш болатынын сезіп тұрмын», — деді. Анамның сөздерінен кейін спортты тастап кете алмадым. Залға қайта оралуға тура келді. Көп күш, еңбек, қан төгілді. Бірақ бұл жеңіс соған тұрды, — деді Олимпиада чемпионы Елдос Сметов.
Еске сала кетейік, Елдос Сметов — Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Олимпиада чемпионы. Ол Олимпиаданың барлық дәрежедегі жүлделеріне қол жеткізген: алтын (Париж-2024), күміс (Рио-де-Жанейро-2016) және қола (Токио-2020).