20/06/25

UFC-де Хамзат Чимаевтен де қауіпті файтер табылды

Орта салмақта (84 кг дейін) өнер көрсететін голландиялық UFC файтері Ренье де Риддер UFC-дегі ең қауіпті файтер туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Хамзат ең қауіпті файтер деп ойламаймын. Бұл дивизионда одан да мықты, әмбебап файтерлер бар. Мысалы, мен үшін ол — Нассурдин Имавов. Өте жан-жақты файтер. Ол жақсы қозғалады, өзін еркін ұстайды және өте ақылды. Менің ойымша, ол нағыз қиын қарсылас, — деді де Риддер Home of Fight YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Нассурдин Имавов — Дағыстан тумасы. Қазіргі таңда 30 жаста. 2016 жылы кәсіпқой мансабын бастаған. Ал UFC-де 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Соңғы жекпе-жегінде, ақпан айында өткен UFC Fight Night 250 турнирінде, Имавов орта салмақтың бұрынғы чемпионы нигериялық Исраэль Адесаньаны техникалық нокаутпен жеңген болатын.