21/06/25

Қазақстан Еуропадағы үздік турнирге қатысатын құрама құрамын жариялады

Қазақстанның бокс құрамасы Нидерландының Эйндховен қаласында өтетін беделді Eindhoven Box Cup халықаралық турниріне қатысатын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Аталған турнир 6-9 маусым аралығында өтеді. Оған әлем чемпиондары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары бар 30-ға жуық елден 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, біздің ел намысын қорғайтын спортшылардың құрамы төмендегідей:

•50 кг: Даниял Сәбит

•55 кг: Махмұд Сабырхан

•60 кг: Ерхан Тұрдан

•65 кг: Ертуған Зейнуллинов

•70 кг: Абылайхан Жүсіпов

•75 кг: Сабыржан Аққалықов

•80 кг: Ерасыл Жақпеков

•85 кг: Дәулет Тілемісов

•90 кг: Сағындық Тоғамбай

•+90 кг: Нұрлан Сапарбай

Біздің боксшыларға сәттілік тілейміз!