Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында гол соғу көрсеткіші бойынша әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Ұлттар лигасының жартылай финалында Германия құрамасына қарсы ойында (2:1) Роналду ұлттық құрама сапындағы 137-ші голын соқты.
Бұл көрсеткіш бойынша Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси екінші орында тұр — оның еншісінде 112 гол бар.
Айта кетейік, 40 жастағы Роналду өзінің ойыншы ретіндегі мансабында 937 гол соққан. Оның ішінде клуб деңгейінде 800 гол, ұлттық құрамада 137 гол.
Ұлттар лигасының финалында Португалия Испания мен Франция арасындағы жеңімпазбен кездеседі.