Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ұлттық құрама тарихындағы үздік ассистент атанды, деп хабарлайды Sport-24.kz.
«Реал» шабуылшысы бұл жетістікке УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалында Испанияға қарсы ойында жетті. Қарсыласқа 4:5 есебімен есе жіберген матчта Мбаппе құрамасының 31-ші нәтижелі пасын орындады. Осылайша, ол ұлттық құрама тарихында ең көп ассист жасаған ойыншыға айналды.
Бұған дейін бұл рекорд 30 нәтижелі пасымен Антуан Гризманға тиесілі болатын. Ол ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған еді.
Айта кетейік, бұған дейін Мбаппе Франция құрамасының тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы атанған болатын. Оның еншісінде қазір 80 ұпай (49 гол және 31 нәтижелі пас) бар.