21/06/25

Магомед Адиев ресми түрде жаңа клубтың бас бапкері атанды

ҚР футбол құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «Крылья Советов» клубының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

«47 жастағы маман Магомед Адиев Самара қаласының клубына бас бапкер болып тағайындалды. Келісімшарт бір жылға жасалды, екі тараптың келісімімен ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Футболшы ретінде Грозный футбол мектебінің түлегі. Әр жылдары „Анжи“, ЦСКА, „Терек“, „Сокол“, астаналық „Жеңіс“, „Нижний Новгород“ және басқа да клубтарда доп тепкен. 1999 жылы Ресейдің олимпиадалық құрамасы сапында төрт матч өткізіп, екі гол соққан.

Осы маусым басында Магомед Мұсаұлы „Ахматты“ басқарды, кейін 2025 жылдың сәуірінен бастап „Химки“ клубында қызмет етті. Бұған дейін „Анжи“, Қарағандының „Шахтер“, сондай-ақ Қазақстан құрамасының бас бапкері болған», — деп хабарлады Самара клубының Telegram-арнасы.

Айта кетейік, ресейлік маман бұған дейін Ресей премьер-лигасынан шығарылған «Химки» клубын жаттықтырды.

Ресей чемпионатының биылғы маусымында Адиевтің жаңа командасы 31 ұпай жинап, турнир кестесінде оныншы орынға тұрақтады.