21/06/25

ҚПЛ-2025 маусымында ең көп тура соққы жасаған ойыншылардың үздік ондығы жарияланды

Қазақстан Премьер-Лигасында осы маусымда ең көп тура соққы жасаған футболшылардың есімдері жарияланды, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Тізімнің көшін «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гиорги Зариа бастап тұр — ол ҚПЛ-2025 маусымында қақпаға 14 тура соққы бағыттаған. Екінші орында «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов орналасқан — 13 тура соққы. Ал үшінші орынды «Астананың» ойыншысы Назми Грипши мен «Қайраттың» ойыншысы Жоржиньо өзара бөлісуде — екеуінде де 12 тура соққыдан бар.

Тізімнің қалған бөлігінде төмендегі ойыншылар бар:

• Жайро Жан («Ақтөбе») — 11 соққы;

• Джеффри Чинеду («Астана») — 11 соққы;

• Дастан Сатпаев («Қайрат») — 10 соққы;

• Фейсал Мулич («Елімай») — 10 соққы;

• Ислам Чесноков («Тобыл») — 10 соққы;

• Усман Камара («Астана») — 9 соққы.