21/06/25

Зайнутдиновты өз сапына алудың фавориті анықталды. Клуб келіссөздер жүргізіп жатыр

Қазақстан құрамасының және «Бешикташтың» футболшысы Бахтиер Зайнутдиновты өз сапына қосу бойынша басты фаворит — Мәскеудің «Динамосы». Бұл туралы Sport-24.kz хабарлайды.

Ақпарат көзі хабарлағандай, «Динамо» Зайнутдиновтың трансфері бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Онымен қатар «Зенит» пен «Краснодар» да қызығушылық танытқан, алайда негізгі фаворит — «Динамо».

27 жастағы Зайнутдинов «Бешикташқа» 2023 жылы ауысып, аяқталған маусымда барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Transfermarkt интернет-порталы оның нарықтық құнын 3,3 миллион еуроға бағалап отыр.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Ресей чемпионы «Краснодар» атанса, «Зенит» екінші, ал «Динамо» бесінші орынға тұрақтаған еді.