Осы демалыс күндері Ньюарк қаласында өтетін UFC 316 турнирінің қатысушыларына жоғарыдан төменге тік шынтақ соққыларын (локти «12-6») қолдануға тыйым салынады. Себебі Нью-Джерси штатының Спорттық бақылау кеңесі бұл турнирді реттейтін орган ретінде өткен жылы Атлетикалық комиссиялар қауымдастығы (ABC) енгізген «Біріккен ММА ережелеріндегі» өзгерістерді мақұлдамаған, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Сондай-ақ, «жердегі қарсылас» туралы ескі анықтама қолданылатын болады. Яғни, спортшы канвасқа қолын тигізу арқылы басына аяқпен соққы алудан қорғана алады. Ал жаңа ереже бойынша, канваспен кез келген дене бөлігі (аяқ пен қолды қоспағанда) тиюі тиіс еді.
Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы чемпиондық рематч — Мераб Двалишвили мен Шон О’Мэлли арасында өтеді. Ал қосымша кардта әйелдер арасындағы жеңіл салмақтағы белбеу үшін Джулианна Пенья мен Кайла Харрисон жұдырықтасады.