21/06/25

Қазақстандық боксшылар Америкада ауыр жағдайда қалды

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы, 2013 жылғы әлем чемпионы (Алматыда өткен) Мерей Ақшалов АҚШ-тағы қазақстандық кәсіби боксшылардың өмірі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Sport-24.kz.

— Америкада өмір сүру оңай емес. Жақсы промоутер қажет. Егер промоутерсіз қалсаң, үш-төрт ай жекпе-жексіз отырып, минусқа кетесің. Америкада тұрып жатқан Мейірім мен басқа да жігіттер демалыс күндері мувинг (жүк тасушы) жұмыс істейді, өйткені өмір сүру керек қой. Instagram-да бәрі Америка, Голливуд деп көреді де, бәрі керемет деп ойлайды, бірақ шындығында олай емес, — деді Ақшалов YouTube-арнасы «Бірінші бол»-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) орта салмақта WBC рейтингінде бірінші орында тұр. Ол бұған дейін осы ұйымның чемпионы Карлос Адамеспен титулдық жекпе-жек өткізуге міндетті үміткер болып тағайындалған еді.