21/06/25

Василий Ломаченконың мансабын аяқтауының себептері белгілі болды

Екі дүркін Олимпиада чемпионы және кәсіпқойлар арасында үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Василий Ломаченко мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Америкалық BoxingNews24 сайтының мәліметінше, Ломаченконың мансабын аяқтауына кемінде төрт себеп болған:

— мотивацияның жоғалуы және жасы (37 жас);

— арқа жарақаттары;

— отбасымен көбірек уақыт өткізгісі келуі;

— кәсіпқой бокстағы жоғары деңгейдегі мұрасы бар екенін сезінуі.

Ломаченко өзінің соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың мамырында өткізіп, Джордж Камбососты жеңіп, IBF белдігін жеңіп алған болатын.