21/06/25

Станислав Черчесов топ-клубты баптауы мүмкін

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов ЦСКА-ға бас бапкер ретінде тағайындалуы мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Sport-24.kz.

Еске сала кетейік, Мәскеулік ЦСКА-ның қазіргі бас бапкері Марко Николич клубтан кетуге жақын. Биылғы маусымда ол командаға Ресей кубогын жеңіп алуға және РПЛ-да қола медальға қол жеткізуге көмектесті.

— Біздің мәліметімізше, сіз ЦСКА қарастырып отырған бапкерлер тізімінде барсыз. Бұл рас па?

— Ең алдымен, Николичтің кеткені өкінішті, өйткені ол тамаша маусым өткізді: ел кубогын жеңіп, чемпионатта қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал өзімнің тізімде бар-жоғыма келсек, ол туралы ештеңе білмеймін. Егер өзіме баға берсем, бұл тізімге ең соңғы кезекте кіргізер едім. Себебі ЦСКА-да өз тарихы бар азаматтар — Березуцкийлер мен Сергей Игнашевич бар, олар клубпен бірге УЕФА Кубогын да, РПЛ-дың бірнеше алтын медалін де жеңіп алған. Оларды тағайындау — қисынды шешім болар еді. Дегенмен, шешімді клуб басшылығы қабылдайды, — деді Черчесов.