Мадридтік «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа командада қалатынын хабарлады, деп жазады Sport-24.kz.
33 жастағы бельгиялық қақпашының қазіргі келісімшарты келесі жылы аяқталмақ, алайда клуб басшылығы оның ойынына риза болғандықтан, оған шілде айында жаңа келісімшарт ұсынбақ. Жаңа келісімшарт жаздың соңына дейін жасалады деп күтілуде.
Тибо Куртуа 2018 жылдан бері «Реал» сапында өнер көрсетіп келеді. 2024/25 жылғы маусымда бельгиялық қақпашы барлық турнирлерде 47 ойын өткізіп, 55 гол жіберіп алған. Сонымен қатар, Куртуа өз қоржынына 15 «құрғақ» матчты да жазды. Transfermarkt.de сайты қақпашыны 25 миллион еуроға бағалап отыр.