Қазақстандық боксшылар Нидерландының Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Sport-24.kz.
Бұл турнирде ерлер құрамасы барлығы сегіз медальға ие болды: бес алтын және үш қола.
Алтын медальді ел қоржынына Даниял Сәбит (50 кг), Абылайхан Жусупов (70 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Дәулет Түлемісов (85 кг) және Нұрлан Сапарбай (90+ кг) салды. Қола медаль иегерлері Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Сағындық Тоғамбай (90 кг) болды.
Айта кетейік, бастапқыда турнирге Қазақстан атынан он боксшы қатысуы тиіс еді, бірақ Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Ерхан Тұрдан (60 кг) жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.